Basty bet

Қызылша дерті дендеп тұр

Өткен жылдың 12 айының қорытындысында ауданда қызылшамен күдікті 78 жағдай тіркеліп, оның ішінде, 69 жағдайда диагнозы расталды. Ауданда қызылша ауруымен тіркелген 69 науқастың 19-ы жақын байланыста болғандар болып анықталды.
Ал, 2024 жылдың 5 қаңтар күнгі мәліметке сүйенсек, бес науқас, яғни тек қана балалар стационарлық ем қабылдауда. Балалардың ішінен үш ауыр жағдай пневмониямен асқынуы ретінде тіркелді.
Амбулаториялық емді 101 науқас қабылдауда. Жалпы ауданда төсек жүктемесі – 38,5% құрап отыр (13 төсектің ішінен 5 төсек бос емес, 8 бос).
Қызылшаның тіркелуі ауданның барлық аумағында байқалады.
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023 жылғы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес, Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша екпе жұмысы ауданда тоғыз екпе пунктында, бір жылжымалы екпе бригадамен және екі семинарларда арнайы дайындалған 60 медициналық қызметкерлермен өткізілді.
Қосымша жаппай иммундаумен 2023 жылдың қараша айынан бастап, бүгінгі күнге дейін жалпы 3686 адам қамтылды. Оның ішінде, 2925 бала (79,4 %), 205 (5,6%) медицина қызметкері және 556 (15,0%) толықтыра иммундауға қатысқан тұрғындар бар.
Сонымен қатар, қызылша диагнозы анықталған науқастармен жақын байланыста болғандар арасында қызылшаға қарсы екпе алмаған 16 тұлғаға 72 сағаттың ішінде шұғыл екпе жасалды.
2024 жылдың 5 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, ауданда 908 доза қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинаның қоры бар.

Еркежан Әмірова,
аудандық орталық аурухананың эпидемиолог дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close