Basty bet
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін әр азамат үлес қосуы парыз
Қазіргі әлемнің тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі. «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды әр қайсымыз ұстанғанымыз жөн.
Тіл халықтың мәңгі жасауының көрінісі екенін барлығымыз жақсы білеміз және ұрпақтарға да айтудамыз.
Ата Заңда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.
Қандай қоғам болса да, өзара түсінісу үшін ортақ тіл таңдайды, қазақ тілі – барлық қазақстандықтардың ортақ тілі.
ҚР «Тіл туралы» заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағазда өмір сүру, жұмыс істеу, өзара қарым-қатынасқа түсу тілі болуы тиіс.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабына сай, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 4 бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Расында, бір тудың астында күн кешкен халықтың біртұтас ұлт болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің өз функциясын атқаруы – заңдылық. Әйтсе де, мемлекеттік тіліміздің қолданысы әлі күнге өзекті мәселе болып тұр.
Жуалы аудандық соты осы тұрғыда артта қалмауда, іске асырылып жатқан жұмыстар көп, кеңседегі іс-жүргізу жұмыстарында барлық шығыс, ішкі құжаттар түгел дерлік мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Барлық судьялар мен сот қызметкерлері 100 пайыз мемлекеттік тілді меңгере алады. Тек кіріс құжаттар кейбір мекемелерден ресми тілде келуде, оларға жауап ретінде мемлекеттік тілге басымдық беру туралы хаттар мен мемлекеттік тілдегі талап қоюлардың үлгілері жолданады.
Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
Бүгінгі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту мәселесі мұқият назарда тұр.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, мемлекеттік тілді жетілдіруде өзара әрекеттесуді жоғарылатуға байланысты, мемлекеттік тілдің қызметтегі қолдану тәжірбиесін арттыруда.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсат әрі азаматтық парызымыз болып табылады.
Жоғарыдағыны айта келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, бірлесе өзара ықпалдастықты дамытып, мемлекеттік тілге басымдық беру қажет деп санаймын.
Сонымен қатар, соттың ресми электронды сайтында (https://zhmb.sud.kz/kaz/sub/zhualy/aryzdar-ulgileri) және кіреберіс фойелерінде әр түрлі даулар бойынша арыз, шағым және талап қоюдың мемлекеттік тілдегі үлгілері қолжетімді.
Қорытындылай келе, әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.
Тілді еркін қолдана білу приоритетті бағыт дет тану, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы санамыздың бір түкіпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды әрі қасыңда тұрған азаматтардың алдында абыройы жоғарылайды!
Жуалы аудандық
сотының төрағасы
Бабырхан Абуев