Basty bet
Жуалы АПБ бастығы полиция полковнигі С.Мамытбеков «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесуге 8-11 сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты. Іс-шара барысында буллинг пен кибербуллингтің, есірткі қылмысының, интернет-алаяқтықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, облыс аумағында жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша ахуалға тоқталып, олардың себептері мен салдары жөнінде ақпарат берілді, оқушыларға құқықтық жауапкершілік түсіндірілді.