Basty bet

Шахматтан өткен тартысты турнир

Жуырда №15 Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және шахмат ойынын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында оқушылар арасында Жуалы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай аудандық шахмат турнирі өтті.
Шахмат – ақыл-ой қызметінің дамуына және балалар денсаулығын нығайтуға ықпал ететін адамзаттың ұлы өнер табысы.
Ақыл-ой спорты атанып кеткен шахмат ойынынан өткізілген аудандық турнирді «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жеңісбек Сейтбеков алғы сөзді алып қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Турнирге жалпы 75 жас шахматшылар қатысып өзара бақ сынасты. «Жас шахматшылар» клубының жетекшісі – Ардақ Жақыпбаев, Ақтөбе тірек мектебі шахмат үйірмесінің жетекшісі – Ринат Жапаровтардың төрешілік етуімен өткен біліммен ой жүйріктігінің сынға түсер сайысында 10 жасқа дейін, 14 жасқа дейін және 18 жасқа дейінгі жас спортшылар турнир жеңімпазы болу үшін барын салды.
Турнирге қатысқан барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың атынан Дипломдар мен Алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
18 жасқа дейінгі ұлдар арасында: I орын Алимжан Амангелди, II орын Данияр Жұмабай №4 Қ.Сағындықов ОМ, III орын Исламали Қойжігіт №15 Ә.Бөкейханов мектебінің оқушысы иеленді.
14 жасқа дейінгі ұлдар арасында:№1 Ш.Мұртаза мектеп-гимназиясының оқушысы Даниал Беспай I орынды иеленсе, №6 А.Пушкин орта мектебінің оқушысы Медет Нұрмұрат II орынды иеленді. №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Қанқожа III орынды иеленді.
Он жасқа дейінгі ұлдар арасында Ербатыр Болатбек I орынды иеленсе, Темірлан Мырзахмет және Нұрәділ Нұркелді II, ІІІ орынды иеленді.
18 жасқа дейінгі қыздар арасында №27 Дихан орта мектебінен Аяна Пернебек I орын иеленсе, №30 Көктөбе орта мектепің оқушысы Аяулым Ноғай II орынды иеленді. №26 Жаңаталап орта мектебінен Аймира Болатбек III орынды иеленді.
14 жасқа дейінгі қыздар арасында нәтижелер тең түсіп, Шұғыла Әбілхан №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Заманбек Айбүбі №26 Жаңаталап ОМ, Абди Арай №30 Көктөбе ОМ I орынды иеленді.
10 жасқа дейінгі қыздар арасында №6 А.Пушкин атындағы мектебінің оқушысы Сымбат Нұрмұрат I орын, №26 Жаңаталап орта мектептің оқушысы Айару Оразалы II орын және №27 Диқан орта мектебінің оқушысы Сезім Нұрмахан III орын иеленді.

Жадыра ЕРҒАЛИҚЫЗЫ,
«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің
Жастарға кеңес беру
бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close