Basty bet

“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31494 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы”;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“1.Ұсынылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Қағидаларын бекіту.”;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
“Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидалары”;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді.
Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.
Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы жүгінеді.
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“14. Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық тиісті жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе әкімнен алынған құжаттар топтамасының және учаскелік комиссия қорытындысының негізінде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді.
Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді.
Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындайды;
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімінің электрондық жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) дайындайды, оған ҚЭТ қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын Орталық маманы ЭЦҚ-сы арқылы, Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы және Орталық басшысы қол қояды;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштерді электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;
5) уәкілетті органға ҚЭТ-ты және құжаттар топтамасын береді.
Шартты ақшалай көмекті айқындаған жағдайда Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер (құжаттар), тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің немесе әкімнен құжаттар топтамасының және учаскелік комиссияның қорытындысының болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды;
2) “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін бірге тұратын жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелерді Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді;
3) алынған мәліметтер мен құжаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға:
шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемі;
ұсынылуы туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету кезінде шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін береді.
Аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімдері учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.
Учаскелік комиссияның қорытындысын немесе әкімнен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын жеке жоспар жасайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын шаралар жазылады.
Орталық әлеуметтік келісімшарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты қоса алғанда, ҚЭТ-ты қоса бере отырып, электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға;
2) өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті тағайындау немесе көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын жібереді.
Орталық өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.”;
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
“1) тиісті органдардан және (немесе) ұйымдардан немесе өтініш берушіден қағаз түрінде алынған және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту және төлемді тоқтату) туралы шешім қабылдау мерзімі ол туралы өтініш берушіні тиісті органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ете отырып уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады;”;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
“4) өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша тыңдау нәтижесін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдауды (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) жүзеге асырады (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім), бұл туралы жазбаша, Орталық немесе әкім арқылы немесе ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы өтініш берушіні, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.”;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“17. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешімге ЭЦҚ-ны қолдана отырып, уәкілетті органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қол қояды.”;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“19. Орталық уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді.”;
19-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“19-1. Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы ұсынылады.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” және “Электрондық үкімет” порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы “жеке кабинет” арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) жеке тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді.
“Порталда” жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған жеке тұлғаның “жеке кабинетіне” жіберіледі.”;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“20. Атаулы әлеуметтік көмек және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуді уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 619 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің пайдаланылуын мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктеріне сәйкес электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен аудару жолымен жүргізеді.”;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“34. Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімнің және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемнің негізінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге арналған АӘК тағайындалған сомаларын және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет қаражатына қажеттілікке қосуды қамтамасыз етеді.
Алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы төлемді төлеу атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы төлемді төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімге сәйкес уәкілетті органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Қажеттілік сомасы туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация әр айдың бірінші жұмыс күнінде қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация қажеттілік қалыптасқаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек, ай сайынғы қосымша төлем төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді жібереді.
Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде есепті кезеңге Мемлекеттік корпорацияға атаулы әлеуметтік көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға төленетін ай сайынғы қосымша төлемді қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай аударады.”;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“35. Мемлекеттік корпорация:
трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес МТ 102 форматында төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына төлеуді жүзеге асырады;
ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен атаулы әлеуметтік көмектің, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын уәкілетті органға аударады;
есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органмен атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бөлінген қаражат және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем бойынша салыстыру актісіне қол қояды.
Төленген сомалар бойынша Мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арасында ай сайын салыстыру актілері жасалады.
Атаулы әлеуметтік көмекті және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті органдар арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.”;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“36. Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтініш берушінің жалған ақпараты және (немесе) дұрыс емес мәліметтерін көрсететін фактілер мен мәліметтер анықталған жағдайда, орталық немесе әкім ауылды жерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады.
Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады.
Егер алушы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасын немесе оның бір бөлігін тиісті бюджетке қайтарса, онда өтініш берушінің жалпы қарызы қайтарым сомасына азаяды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және төленген ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде – ауылдық округтің әкіміне – ақпараттық жүйеге сканерден өткізіліп, енгізілген, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін маманның ЭЦҚ қол қойылады, ол растау құжатын қабылдап, сканерленген көшірмесін ақпараттық жүйеге жүктейді, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығы басшысының немесе әкімнің ЭЦҚ-сы, содан кейін бұл жазба түзету құқығынсыз ақпараттық жүйеде сақталады.
Егер өтініш білдіруші немесе мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз алынған сомасын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырса, онда Мемлекеттік корпорация қайтарылған сомаларды уәкілетті органға ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.”;
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
“4-тарау. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі.
37. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем балалардың жасын ескере отырып, ағымдағы тоқсанға бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тағайындалады және ай сайын төленеді.
38. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште 1-қосымшаға сәйкес өтініш беруші бір жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі барлық балаларды, оның ішінде ағымдағы тоқсанда бір жасқа толған балаларды көрсетеді.
39. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жасын ескере отырып, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу кезеңі көрсетіледі.
40. Бала қайтыс болған жағдайда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем бала қайтыс болған айға төленеді.”;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“45. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close