Basty bet

Заңсыз жалақы беру деректері анықталды

Аудан прокуратурасы бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына талдау жүргізіп, аудандық білім бөлімі тарапынан заңсыз жалақы беру деректерін анықтады.
Ауданда 39 мектепте жалпы 10 556 оқушы білім алады, олардың 105-і денсаулығына байланысты үйде оқытылады.
Талдау барысында аудан прокуратурасы Жуалы аудандық орталық ауруханасынан мүмкіндігі шектеулі балалардың республика көлемінде ауруханаларда жатқандығы туралы 2022 жылдың мәліметтері алынды.
Аталған мәліметтерді зерделеу нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын балалар жылына кем дегенде 2-3 реттен немесе одан да көп рет және ұзақ мерзімде республика шеңберінде ауруханаларда жатып ем қабылдағандарына қарамастан, мектеп педагогтары оларды үйінде оқытқаны үшін айлық жалақыны заңсыз алғаны анықталды.
Жалпы осындай заң бұзушылықтар ауданның 15 мектебінде анықталып, үйде оқытатын мұғалімдерге өткізбеген сабақтары үшін мемлекет есебінен 5 895 868 теңге негізсіз төленген.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, заңсыз төленген сома мемлекетке қайтарылды, 25 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Таңдаулы материалдар

Close