Basty bet
Алаяқтық қылмыс жасап, үш жылға бас бостандығынан айырылды
Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – алаяқтық қылмысы болып отыр.
Аудан аумағында ағымдағы жылы алаяқтық қылмысы былтырғы жылмен салыстырғанда күрт өскен.
Алаяқтықпен құқық қорғау және уәкілетті органдар алдын алу шараларын жасау арқылы күрескенімен қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрі әлі де жалғасуда.
Қылмыстың бұл түрімен айналысып, ағымдағы жылы сот үкімімен жазасын алған тұлғалар да бар.
2022 жылы желтоқсан айында Ж.Байтаев жәбірленуші Е.Ерубаевтың, Д.Аяпбергеновтің, А.Арипбаевтың, К.Саулимбаевтың сеніміне кіріп, өзінің мақсары сатып алатынын, ақшасын «Kaspi Gold» қосымшасы арқылы жіберетінін айтып, жоғарыда көрсетілген тұлғалардан мақсары алып, оны сатып ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Ж.Байтаевтың әрекетімен жәбірленушілерге 3 284 950 тг мүліктік залал келтірілген.
Жуалы аудандық сотының 02.05.2023 жылғы үкімімен Ж.Байтаев ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы тұрғындардан алаяқтықтан сақ болуды ескертеді және қылмыс орын алған жағдайда полицияға жүгіну құқығын түсіндіреді.
Жуалы ауданының прокуратурасы