Basty bet

Заманның көшіне ілесіп…

Мектеп бітірерде түлектердің ойы сан-саққа кеттіп, қандай таңдау жасарын білмей дал болатыны бәрімізге мәлім. Бұл нағыз жеті рет өлшеп, бір рет кесетін кезең. Себебі, қазіргі нарықтық қатынастар үстемдік құрып тұрған шақта бұрынғыдай жүректің қалауымен жүретін немесе әйтеуір қолға диплом алса болды дейтін кез емес. Таңдай салған мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие ме, ертең жұмыс табыла ма, қайткен күнде шыңдаған білімнің жемісін көрем бе деген сұрақтар да мазалайды. Бәсекеге қабілетті ме, ата-анасының көзқарасы қандай осының бәрін саралап алу қажет.
Өзім осының бәрін ой елегінен өткізген соң, веб-журналистика саласын таңдадым. Оқуға келгелі бері менің санам көп өзгерді. Заманның көшіне ілесу үшін жаңа технологиялардың тілін тез меңгеруге және заманға сай жобалармен айналысу және де сонымен алға ұмтылу қажет екен. Оны тек үйреніп қана қоймай, кәдеге жарата алу қажет.
Жалғыз менің ғана емес, байқаймын басқа да студенттердің де бастапқы кезге қарағанда білімге деген құштарлықтары артқан. Көпшілігі әр дәрістен, оқытушыдан алары көп екенін түсініп келеді. Оқу орнындағы кураторымыз Бақытжан Махашов: «Журналист деген ол отқа да суға да төзімді, батырлық пен қайсарлықты табандылық пен тапқырлықты талап ететін мамандық»,- деп құлағымызға құйып отырады.
Сөйлеу этикасын қалай дамыту керек деген сұраққа ол кісі былай деп жауап берді. Көптеген еңбегі төрде жанған кісілердің кітабын көп оқып, тілдік құдірет, соның, ішінде есте сақтау қабілетке мағынасына көп мән беруге керек деп шығармашылық жолдағы бір ойға түйетін жолды көрсетті. Алдағы уақытта бұл салада осы әдіспен, жақсы жетістікке жетемін деген ойдамын .

Арнат БЕКМОЛДА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
веб-журналистика мамандығының
1-курс студенті

Таңдаулы материалдар

Close