Basty bet

Салықшылар еңбегін дәріптеген шығарма

Нұрғали Ералиев бұған дейін оқырман қауымға «Ана аманаты», «Боралдай» және «Есебі түзу есепші» деген деректі кітаптары арқылы жақсы таныс.

Қаламгер таяуда баспа жүзін көрген кезекті «Салықшылар» атты деректі кітабына ауданның салық саласында өзімен бірге қоян-қолтық араласып, үздіксіз 21 жыл бойы еңбек еткен үзеңгілес әріптестері, мемлекеттік кірістер басқармасына әр жылдары жетекшілік еткен басшы азаматтар арқау болған. Сонымен бірге ел Тәуелсіздігімен қатар құрылған еліміздің салық саласының тарихы, онда жұмыс істейтін қызметкерлердің мемлекет қазынасын толтыру жолындағы тынымсыз еңбегі баяндалады.
Деректі кітапта сондай-ақ автордың қазақтың саналы салты мен дәстүрлері, тіл мен діл, рухани және отбасылық құндылықтар, жас ұрпақ тәрбиесі туралы оқшау ойлары беріледі. Өңірден шыққан қоғам өмірінде өзіндік орны бар, еліне елеулі, халқына қалаулы атпал азаматтардың есімдері құрметпен аталып, олардың өмір және еңбек жолы дәріптеледі.
Шығарма жас жеткіншектерді, оқушыларды және жастарды салықшы мамандығына қызықтырады, ынталандырады.
Кітап кез келген жастағы оқырманның түсінігіне жатық, әрі ұғынықты.

 

Таңдаулы материалдар

Close