Basty bet

Самбодан ардагерлер арасында чемпион атанды

Нұргелді Темірбеков самбодан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
2023 жылдың 12-15 мамыр аралығында Абай облысының Семей қаласында спорттық самбодан шеберлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Бұл жарысқа қатысқан жуалылық ардагер спортшы Нұргелді Темірбеков қарсылас шақ келтірмей ел чемпионы атанып, маусым айында Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Ауданның атын шығарып жүрген айтулы ардагер спортшы Нұргелді Темірбековтың Азияда топ жаратынына сенім білдіреміз.
“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close