Basty bet
Өрт қауіпсіздігі айлығы
Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында болады. Тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу, пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және отқа ұқыпсыз қарау болып табылады.
Айта кетейік, 2024 жылдың басынан бері Жуалы ауданының аумағында 45 өрт оқиғасы тіркеліп, өрттен келген материалдық шығыны 2 миллион 120 мың теңгені құрады.
Осыған орай, Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Ескертеді» Жуалы ауданы аумағында ағымдағы жылдың 01 желтоқсан және 31 желтоқсан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.
Профилактикалық қауіпсіздікті жүргізудің мақсаты – күнделікті өмірде төтенше жағдайлардың алдын алу, Төтенше жағдайлар кезінде адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау болып табылады.
Бірақ, ең алдымен, бір негізгі ережені есте сақтауды ұсынамыз: түтіннің жеңіл иісі болса да, ашық өртті айтпағанда, немесе төтенше жағдайларда «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті дереу шақырыңыз.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 өрт сөндіру бөлімі