Basty bet
Көрсетілетін қызметтің сапасын арттыра түсу керек
Дүйсенбі күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Құлтайұлы жүргізді. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да өзекті мәселелерді қайта қарау. Осы мәселелер бойынша Б.Момышұлы ауылының әкімі Керімхан Төреқұлов және Шақпақ ауылдық округінің әкімі Затыбек Пашенов ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасының бүгінгі жай-күйі жайында баяндады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының өкілі Жанәділ Құрбанов ZOOM бейне-байланыс платформасы арқылы ауылдық округтің әкімдеріне мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына байланысты бірнеше сұрақ қойды. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін әр округтен бір жауапты маманның бекітіліп, осы бағытта ауыл тұрғындарына қажеті ақпараттар бере отырып, жеке құжаттарды алуына мүмкіндіктер жасалып отыр. Қазіргі таңда тұрғындар үйде отырып-ақ өздеріне қажетті құжаттарды алуына мүмкіншіліктердің жасалуы қуантарлық. Бірақ интернеттің сапасын әлі де арттыра түсудің қажеттілігі туындауда.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 6 маусымдағы №31-4 әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және көмек көрсетудің мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы баяндамасы оқылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы» және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімі қаралды.
Қоғамдық кеңестің шешімі:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Ілебаевтың ұсыныс-хатының негізінде Б.Момышұлы ауылы және Шақпақ ауылдық округіндегі мемлекеттік қызметтердің сапасын, одан туындайтын өзекті мәселелер зерделеніп, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізілсін.
2. Аудандық «Коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын бекітіп, жинауға» аудандық мәслихат шешінің оң қорытындысы берілсін.
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 6 маусымындағы №31-4 әлеуметтік қызмет көрсетудің мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың қағидаларын бекіту туралы шешім жобасына толықтырулар енгізу туралы оң ұсыным берілді.
2023 жылдың есебі аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері БАҚ-та және мемлекеттік органның интернет-ресурстарына жариялауға міндетті екені ескертілді.
* * *
Жақында аудандық қоғамдық кеңестің мүшелеріне куәлік табысталды
Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
«Жаңа өмір»