Basty bet

Жолың болсын, жас түлек!

21 маусым күні ауданда 30 орта мектепте мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
2022-2023 оқу жылында орта мектептерді 660 түлек бітірді. Оның ішінде, жеті түлек “Алтын белгімен”, ал 74 түлек үздік аттестатпен аяқтады.

Аудан орталығындағы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда салтанатты шара тиісті деңгейде өтті. Биыл аталған мектепті 71 түлек аяқтады.
Салтанатты шараға ұстаздар мен түлектер және ата-аналар қатысты.
Мектеп түлектері сынып жетекшілерімен ортаға құрметпен шақырылып, игі тілектер айтылды.
Мектеп-гимназия директоры Гүлнар Мұсаханова және ата-аналар түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі.
Түлектер “Ұстазым” әнін үлкен тебіреніспен орындады.
Мектеп директоры және салтанатты кештің қонақтары түлектерге аттестаттарын тапсырды.
Алдымен “Алтын белгімен” және үздік аттестатпен аяқтаған түлектерге тапсырылды. Мектеп-гимназияны бір түлек “Алтын белгімен”, тоғыз түлек үздік аттестатпен аяқтап отыр.
Мектеп бітіруші барша түлектерге ақ, жол! Арман-мақсаттарына қол жеткізіп, еліміздің арқасүйер мықты азаматтары мен азаматшалары болуларына тілектеспіз!
Айлин ҚАЙЫПБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің
журналистика мамандығының
3-курс студенті

Таңдаулы материалдар

Close