Basty bet

Шілде айынан бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты республикалық бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін бірқатар төлемдердің мөлшерін арттыру бойынша хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі келесіні хабарлайды.
01.07.2023 жылдан бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты республикалық бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін бірқатар төлемдердің мөлшерін арттыру қарастырылған. Атап айтсақ:
• Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшеріне теңестерілген зейнетақы;
• “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатта лған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;
• Мүгедектіне байланысты жәрдемақы;
• Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы;
• Мүгедек балалардың күтушісіне берілетін жәрдемақы;
• 1 топ мүгедектерінің күтушісіне берілетін жәрдемақы;
• Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
• Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда алатын әлеуметтік төлем;
• Асыраушысынан айрылған жағдайда алатын әлеуметтік төлем.
«Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне теңестірілгендердің зейнетақысын, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 01.07.2023 жылдан арттыру бойынша» атқарылатын іс шараға сәйкес,”Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысын арттыруға, яғни 01.07.2023 жылдан жәрдемақы мөлшерлерінің Алтын алқа жәрдемақы мөлшері 25530 теңгеге өзгертілгенін, Күміс алқа жәрдемақы мөлшері 22080 теңгеге өзгеріссіз қалдырылғанын хабарлайды. Осыған байланысты 6 балаға “Күміс алқа” алып отырған аналар, 7-ші немесе 8-ші бала туылып “Алтын алқа” алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп құжат өткізулері керек. Керекті құжаттар: “Күміс алқа”, “Алтын алқа” кітапшаларының түп нұсқасы, есеп шот, жеке куәлік.
Мұрат Сапаев,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша
филиалының Әлеуметтік қамтамасыз
ету бойынша Жуалы аудандық
бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close