Basty bet
Мақсат – халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жамбыл облысының аумағында температуралық фонның жоғарылауына байланысты 7 маусымда өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің базасында баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әшірбаев пен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Шариев сөз сөйледі. Олар Жамбыл облысы ТЖ департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары, облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу шаралары туралы, жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдармен және мекемелерімен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу іс-шараларының бірлескен жоспарлар туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта су айдындарында адам өлімі және табиғи өрттердің пайда болуы мәселелері өзекті болуына байланысты биылғы жылдың және 2022 жылдың ұқсас кезеңіне салыстырмалы статистикасы келтірілді.
Балалардың өлімінің басты себебі-ата-аналардың қадағаламауы. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырғаны үшін, ата-аналарының өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР кодексінің 127-бабының 1-бөлігі көзделген.
Осыған байланысты спикерлер халыққа тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтау, оның ішінде балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы өтінішпен жүгінді. Сондай-ақ құтқарушылар азаматтарға қасақана өртеу анықталған жағдайда бұзушы бөтеннің мүлкін жойғаны немесе бүлдіргені үшін “ҚР Қылмыстық Кодексінің” 204-бабы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
БАҚ өкілдері өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Жамбыл облысы ТЖД
баспасөз қызметі