Basty bet

Өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Қазгидрометтің болжамы бойынша алдағы өрт қаупі бар кезеңде орташа температура +30ºС болады, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен температураның +40ºС-қа дейін жоғарылап, жауын-шашын тапшылығы болады. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады.

Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылында тұрғын үйлердің өртенуі жағдайлары кездесуде. Соған байланысты тұрғындар тарапынан сақтық жағдайын жүргізуді сұраймыз.

Алайда, кейбір азаматтар тарапынан бұл талаптардың сақталмауына жол беріледі, яғни есік алдына шөп тұрған қора жайдың қасына от жағу,темекіні кепкен шөпке, жанармай қасына тастау. Бұл тұрғыда ондай құқықбұзушылықтарға қатысты заңнамаларда жауапкершіліктер қарастырылған.

Мысалы, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 410 бабына сай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабына сай,  Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адам өмірі – ең қымбат қазына. Сол себептен әр азамат өрт қауіпсіздігін сақтағаны абзал.

 

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close