Basty bet

Сала мамандары марапатталды

1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекетіміздің басты тұғыры. Сондай-ақ дербес дамуымыздың мызғымас тірегі. Отан үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде. Шынайы патриотизм атақ үшін емес, Отан үшін елге адал қызмет етуден көрінеді. Ел мүддесін қорғау жолында құрбан болған қаһармандардың есімдері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жылнамасында алтын әріптермен жазылған.
Атаулы күнге орай, аудан әкімі Жалғас Мұртаза сала өкілдерін қабылдады. Жиында ҰҚК қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Бас қосуды аудан әкімі Ж.Мұртаза ашып, өңірдегі сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысының маңыздылығына тоқталды.
-Сіздер елдегі заң мен құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы Сіздердің қызметке тікелей байланысты. Сондықтан да, ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие, күрделі сала. Еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын сіздердің жауапты қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін,- деді аудан басшысы.
Келесі сөз кезегін Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев алды. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық және халқымыз бен елімізге мінсіз қызмет етуге ұмтылыс тілеймін!-деді С.Шерелханұлы.
Сөз кезегін алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Уркумбаев ҰҚК қызметкерлерін құттықтап, тыныштық сақшыларының ел қауіпсіздігі жолындағы қызметі мен алар орны айрықша екенін атап өтіп, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Кәсіби мереке күніне орай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар азаматтары аудан әкімінің Алғысхатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Анар Тіленшиева,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close