Basty bet

Су тасқыны

Су тасқыны – су деңгейінің салыстырмалы қарқынды немесе қысқа мерзімді көтерілуі. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты күшті жауындармен, кейде қардың еруінен қалыптасады.
Су тасқынын болдырмау мақсатында, өз аумақтарыңыздағы дренаж каналдар мен арық жүйелерінде, өзен арналарында, автокөлік және теміржолдардағы су өткізгіштерді қоқыстан және қалдықтардан уақтылы тазалауды ұйымдастыру қажет.
Қауіпсіздік шаралары:
Ауа райы болжамы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз. Халықты жақындап келе жатқан су тасқыны туралы хабардар еткен жағдайда, сондай-ақ, оның пайда болуының алғашқы белгілері кезінде үй-жайдан мүмкіндігінше тезірек кетіп, айналадағыларға қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге шығу керек, өзен арнасынан 300-500 метр қашықтықта жүріңіз. Үйден шыққан кезде пештерді сөндіріп, газ шүмектерін жауып, шамдарды және құрылғыларды өшіру керек.
Су тасқыны қаупі бар өзен арналарының жанында тұратын және жұмыс істейтін халыққа құзыретті органдардың тиісті хабарламаларын мұқият тыңдау қажет. Қауіп төнген жағдайда, келіп түскен сигнал (хабарлама) бойынша қажетті құжаттарды, дәрі қобдишасын және бағалы заттарды өзімен бірге ала отырып, алдын ала белгіленген маршруттар бойынша дереу эвакуациялауды жүзеге асыру.
Барлық қауіпсіздік шараларын орындаған жағдайда Сіз қауіптің деңгейін айтарлықтай төмендететініңізді есіңізде сақтаңыз.
ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ!
Жуалы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close