Basty bet
Балаларды өрт қаупінен сақтайық!
«Өрт – тілсіз жау» деп халқымыз тегін айтпаған. Отты пайдаланған кездегі салақтық пен ұқыпсыздықтың салдарынан кейбір өкінішті, орны толмас қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Мұндай кенеттен кездесетін өкінішті жағдайларды болдырмау үшін отты дұрыс, тиімді, қауіпсіздік жақтарын ескере отырып пайдаланған жөн.
Балалардың отпен ойнауы да көбінесе өртке ұшыратады. Жасөспірімдердің отпен ойнауы ата-аналардың балаларына кез келген нәрсемен ойнауына жол беріп, тыйым салмағандықтан туады. Арамызда балаларын үйге құлыптап, сіріңкелерді жасырмай, электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды тоқ көзінен ажыратпай қалдыратын тұрғындар кездеседі. Ал мұның бәріне үйде қалған балалар назар аударып, осының өзі-ақ өртке ұрындырады. Сол себепті, отпен ойнау қандай қайғылы жағдайға ұшырататыны жөнінде балаларға үнемі айтып, түсіндіріп отыру – ата-ананың тікелей міндеті.
Кішкентай балалардың отпен ойнауына, үйде жалғыз қалдыруға, оларға дүкеннен пиротехникалық заттарды, темекі, сіріңке алдыруға, жанып жатқан пешті, (котельды), және газ плиталарын қарауға жұмсауға тыйым салынады!
Қорыта айтқанда, балаларды тілсіз жаудан сақтау – әрбір ата-ананың абыройлы міндеті!