Basty bet
ШӨП ШАБУ, жинау КЕЗЕҢІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ маңызды!
Шөп бірінші кезекте – от үшін ең жеңіл өндіру. Бұл өрт қауіпті кезеңінде жай ғана оттың ұшқыны өртке әкеп соқтырады, аз уақыттың ішінде әжептәуір мал азығын жоюы мүмкін. Ал одан әрі бақыланбайтын дала алқаптарына апат таратылып, ауыл ішіне жайылып, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарына қаупін тудыра отырып жояды. Ауыл тұрғындарына, аудан басшыларымен шаруашылық мамандарына тағы да еске салатын жай, бұл өрт көбінесе жиі, комбайндар мен автомобильдердің, тракторлардың қозғалтқыш түтіктерінен шығатын ұшқын.
Шөп шабу, жинау уақытында, көбінің өрт қауіпсіздік ережелері есінде болмайды? Өйткені, өрт қауіпсіздігі сақталмаған кезде қаншама шөп шабу еңбегі зая кетеді. Статистика бойынша, жазғы уақытта жиі өрттер жер, үй иелерінің кінәсінен болады. Өйткені олар отты абайсыз қолданбайды, шөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзады. Олар көбіне шөпті үйдің, моншаның немесе шаруашылық құрылыстың жанына жақын үйеді. Көбіне өрттің себебі, балалардың отпен ойнауынан болып, ата-аналары сол үшін жауапты болады. Шөпті өртке қарсы, отқа жанбайтын материалмен қоршалған қосымша сарайларда сақтауға рұқсат беріледі. Өрт қауіпсіздігінің жауапкершілігі тұрғын үйлер, гараж, шаруашылық қора-жайлары және қордаланған шөпке мүлік иелері жауапты болып табылады. Шөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Шөп жинау кезінде өртті болдырмау үшін, өрт қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
Шөпті жинар алдында тұлғалар өртке қарсы нұсқамамен танысу керек: бастапқы өрт сөндіру өрт жабдықталған бірлік құралдарын тазалануы тиіс; Шөпті дайындауда шаруашылық техникасы іске қосылу керек, жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы, қоректендіру, оталдыру, майлау реттелген жүйесі болуы тиіс. Белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген өз техникаңды қолдануға тыйым салынады; дәнекерлеу жұмыстарын далалық жағдайда жүргізуге жол берілмейді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шөп шабу уақытында шөппен айналысатын шаруашылық басшыларының, субъектілер және жеке тұлғаларға тікелей жауапкершілік жүктеледі.
Аудандық өрт сөндіру бөлімі