Basty bet

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының шешімдерімен Жуалы аудандық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:

№1 сайлау округі бойынша:

1. Сурамысов Ерлан Баймахамбетович, 1990 жылы туған, Жуалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, маман, қазақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№2 сайлау округі бойынша:

2. Тоқбаев Дархан Лесханұлы, 1991 жылы туған, Күреңбел ауылының мәдениет үйі, маман, қазақ, Жуалы ауданы Күреңбел ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№4 сайлау округі бойынша:

3. Абдиваитов Ермек Сайтбаевич, 1989 жылы туған, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы Жуалы ауданының “ХҚКО” бөлімі, басшы, қазақ, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, “AMANAT” партиясы ұсынған.
4. Әбдіжапар Арман Сәкенұлы, 2000 жылы туған, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясы, қосымша білім беру педагогы, қазақ, Жуалы ауданы Көлбастау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
5. Каипов Мадияр Усенбекович, 1982 жылы туған, Қ.Сағындықов атындағы №4 орта мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ, Жуалы ауданы Шақпақата ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№5 сайлау округі бойынша:

6. Байрамов Калдыбай Донешоглы, 1964 жылы туған, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, хирургия бөлімше меңгерушісі, пациенттерді қолдау және ішкі аудит бөлімі басшысы, әзірбайжан, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, “AMANAT” партиясы ұсынған.
7. Сүйінбай Мақпал Саматқызы, 1996 жылы туған, Жуалы аудандық “Jana omir-Новая жизнь” газеті, тілші, қазақ, Жуалы ауданы Т.Дүйсебайұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№6 сайлау округі бойынша:

8. Асемов Мухамеджан Турсынбайулы, 1976 жылы туған, “Қазсушар” РМК Жамбыл филиалының “Ақсай” өндірістік бөлімшесі, басшының орынбасары, қазақ, Жуалы ауданы Қайрат ауылының тұрғыны, “AMANAT” партиясы ұсынған.
9. Маденов Алтынхан Адамбекулы, 1989 жылы туған, Жуалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, маман, қазақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
10. Жолдасов Алмас Болатұлы, 1992 жылы туған, Жуалы ауданының “Жастар ресурстық орталығы” КММ, директордың орынбасары, қазақ, Жуалы ауданы Көлбастау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№10 сайлау округі бойынша:

11. Саурыкова Жанат Сансызбаевна, 1988 жылы туған, «Жуалы Демеу» мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық бірлестігі, төрайымы, қазақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
12. Колоханов Нуржан Ермуханулы, 1991 жылы туған, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының «Ақсай» өндірістік бөлімшесі- су реттеуші, қазақ, Жуалы ауданы Көлбастау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№12 сайлау округі бойынша:

13. Игликова Айша Дуйсенхановна, 1979 жылы туған, «TopJargan» оқу орталығы, менеджер, қазақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№13 сайлау округі бойынша:

14. Асилбеков Кайсар Кулжанович, 1981 жылы туған, Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, директор, қазақ, Жуалы ауданы Диқан ауылының тұрғыны, “AMANAT” партиясы ұсынған.
15. Қалдыбек Мұратбек Ділдәбекұлы, 1990 жылы туған, Жамбыл облыстық жеке сот орындаушылар палатасы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, қазақ, Жуалы ауданы Алатау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Таңдаулы материалдар

Close