Basty bet
Саяси кеңестің Бюро отырысы өтті
Жақында «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының Саяси кеңесінің Бюросы отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды.
Атап айтқанда, бірінші – «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезекті ХL конференциясын шақыру және күн тәртібін және делегаттардың өкілдік нормасын (квотасын) бекіту туралы мәселе. (Ұсыныс беруші: М.Нарымбеков – партия аудандық филиалының төрағасы). Екінші мәселе – партия аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу кестесін бекіту туралы.
Отырысқа партия аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері шақырылды. Кезекті отырысты «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков ашып, ең алдымен күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Жиында күн тәртібіне ұсынылған мәселелердің барлығы қаралып, Саяси кеңес Бюросының тиісті қаулысы қабылданды. Саяси кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған екінші мәселенің төңірегінде ой қозғап, пікір білдірді.
«Жаңа өмір»-ақпарат