Basty bet
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Басты тақырып Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру төңірегінде болды.
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялағаны баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру барысында біздің комиссияға маңызды міндеттер жүктелді.
Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын бюрократияны жоюға, айқындық пен ашықтықты арттыруға бағыттаймыз, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы – Ахметов Асылбек Адильбекович.
Әскери ұжымдарда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу, оны жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ ахуалды анықтау мен жою бөлімнің қызметінің басым бағыты болып қала бермек.
Тіркеу және шақыру науқандары барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қызметтің осы бағыттарында туындауы мүмкін жемқорлықтың тәуекелдерін қарау қажет екендігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың заманауи тәсілдерінің бірі цифрландыру болып табылады. Ол азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін ғана емес, бірінші кезекте рәсімдердің ашық өтуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы цифрландыру жөніндегі жұмыста басымдықтар нақты белгіленуі тиіс деп атады.
Осы бағыттағы жұмыс шеңберінде бөлімде «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы жандандырылды. Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялауымен «Цифрлық жергілікті әскери басқару органы» жобасы жүзеге асырылуда.
Отырыста комиссия төрағасы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықпен түсіндіру жұмысы, азаматтарды мерзімді әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру, сондай-ақ жеке құраммен жеке-тәрбие жұмысы жергілікті әскери басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басты бағыттары болып табылатынын атап өтті.
Ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне бірқатар міндеттерді белгіледі.
Бөлімше, топ бастықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өзінің қызметтік жұмысының басты бағыты деп есептеуі тиіс. Олар әрбір бағынысты әскери қызметшіге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздігі үшін жеке жауапкершілік жүктелетінін жеткізуге міндетті, сеніп тапсырылған және бағынысты бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ұдайы анықтау және талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияға оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды, – деп атап өтті комиссия төрағасы.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда әскердің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды.
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады.
SmartDataUkimet ақпараттық-талдау жүйесінің арқасында кейінге қалдыру құқығы 500 мыңнан астам әскерге шақырылушыға берілетіні анықталып отыр. 1 наурыздан бастап азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алды. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді.
Азаматтарға әскери билеттер мен тіркеу куәліктерін беру көрсетілетін қызметіде цифрлық форматқа көшірілген. Қазір азаматтар үйден отырып-ақ ешқандай құжаттарсыз әскери билет алуға немесе тіркеу куәлігін алуға e-gov электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
2023 жылдың I жартыжылдығында Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен 700-ден астам қызмет көрсетіліп барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 99 пайыз электронды форматта жүргізілді.
Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі