Basty bet
Су айдындарында жазғы профилактика жалғасуда
Су айдындарында қаза болу жағдайларының негізгі себебі – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы салдарынан және жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде шомылу, балық аулау кезінде және алкогольдік масаң күйде суға түсу болып табылады.
Аудан аумағында көптеген «Су қауіпсіздігі» бойынша өткізіліп отырған іс-шараларға қарамастан күннен күнге тыйым салынған және аса қауіпті орындарда шомылу деректері көбеюде.
Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Іс-шаралар барысында қызметкерлер демалушыларға шомылуға тыйым салынған орындар туралы, аудан аумағындағы арнайы демалыс аймақтары туралы, балалардың қауіпсіздігіне ата-аналардың тікелей жауап беретіндігі туралы ақпараттар жеткізілді.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып күнделікті рейд жұмыстарын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен суға шомылуға тыйым салынған жерде, сондай-ақ, су айдындарында алкогольдік ішімдікті қолдану бойынша ҚР «Әкімішілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 440-бабы және 364-бабына сәйкес әкімшілік практиканы қолдану бойынша халықтың арасында түсіндіру жұмыстарды жүргізуді бастады, яғни тыйым салынған жерлерде шомылу немесе су айдындарында алкогольдык ішімдікті қолданғаны үшін демалушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Халық арасында қауіпсіздікті барынша хабардар ету үшін аталған профилактикалық іс-шараға еріктілер тартылуда.
Айта кеткен жөн, жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасатын болады.
Жуалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі