Basty bet

Ел келешегінің, жарқын болашақтың кепілі

Баршаңызды бүгінгі 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз.
Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері.Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Себебі, жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстары жаңа идеялардың туындауына себепші болады.
Халқымыз ел келешегінің кемел, болашағының жарқын болуын үнемі жастармен байланыстырады. Осы орайда «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін», – деп қазақ зиялыларының арасында жастардың айбаты мен қайратына Мағжан Жұмабаев осылай баға берген еді. Міне, осыдан қанша жыл бұрын айтылған сөз бүгінде әрбір жастың жүрегіне нұр сеуіп, кеудесіне үміт сәулесін ұялатады.
Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы да жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгіленуі заңдылық.Бүгінде қоғамның әрбір саласында белсенді жастар жетерлік. Өзінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосып жүрген жастар біздің өңірімізде де жетіп-артылады. Жастар білімнің биігін бағындырып, әрісі шет елдерде, берісі өңірлерімізде өздерін жалпақ жұртқа көрсетіп жүр. Спортта да, мәдениет-білім сайыстарында да елді әлемге танытып жүргендердің де басым бөлігі жастар. Олардың әрқайсысы өз ортасының көшбасшысы. Олардың әрбірінің қоғамда өзінің орны бар.
Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр.Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін.
Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер! Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін.Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!

Жеңісбек СЕЙІТБЕКОВ,
Құрметпен, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының міндетін атқарушы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close