Basty bet
Кезекті отырысы өтті
Жақында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс төрағасы Әбдікерім Уркумбаев жиынға қатысқан аудандық қоғамдық кеңестің мүшелеріне күн тәртібін таныстырды. Бірінші мәселе – 2022 жылдың 23 желтоқсанындағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Мықтыбекова хабарлама жасады.
Кезекті отырыстың қорытындысында төмендегідей шешім қабылданды:
1. Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2023 жылдың 07 тамызындағы №8-318 2022 жылғы 23 желтоқсан айындағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №35-2 шешіміне өзгерістер енгізуге Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, оң ұсынылым берілсін.
2. Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе – Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы «Жуалы аудандық мәслихат шешімінің жобасын қарау туралы» аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің 2023 жылғы 18.07. №11-132 ұсыныс-хаты бөлім басшысы М.Қасымбековтың қатыспауына байланысты келесі отырысқа қалдырылсын.
3. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 02 қарашасындағы №383 Заңының 5-бабы 1,2,3 тармақтарына сәйкес, қоғамдық кеңестің отырысына шақырылғанымен, оған қатыспағаны үшін Б.Момышұлы ауылының әкімі К.Төреқұловтың жауапкершілігін қарау үшін аудан аудан әкіміне арнайы-хат ұсынылсын.
Аудандық қоғамдық кеңес