Basty bet

Сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы ауру

Сібір жарасы ауруы – бұл жұқпалы ауру, оның қоздырғышы «Bаcillus anthracis» деп аталатын спора түзуші бактерия. Бұл зоонозды инфекция (жануарлардан адамға жұғатын ауру), әдетте шөпқоректі жануарларды зақымдайды. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады, көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар ауру жұқтырған жануарлардан жұқтыруы немесе малдан алынатын бұзылған өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін.
Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.
Жануарлардағы сібір жарасы келесі ерекшеліктермен сипатталады: жануарлар құлайды, ауыз қуысынан, мұрыннан, анустан қан бөлінеді. Өлген жануардың қаны қара түсті болады, ұйымайды, өлекседе сіресу болмайды (буындары қатпайды).
Егер үй жануарлары сібір жарасымен ауырса немесе арам өліп қалса, оның еті мен терісін пайдалануға болмайды! Малдың қасапалды тексеруіне ветеринарды міндетті түрде шақыру қажет. Мал сойған кезде ветеринария саласындағы ережені сақтаңыз. Өйткені бұл шаралар тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ союға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сібір жарасынан өлген жануар тек ғана жойылады.
Ауылшаруашылық малдарда сібір жарасының жұғу жолдары:
– Алиментарлық – жайылымда шөппен бірге топырақ жегенде (құрғақшылықта) және сумен;
– Трансмиссивтік – жәндіктер шаққанда (слепни, жигалки) қан арқылы.
Сібір жарасы ауруының адамға жұғу жолдары:
1. Тікелей – сібір жарасымен ауырған малды сою, бөлшектеу, оларды күту, ауру малдың өнімдерімен жанасу
2. Трансмиссивтік – жәндіктердің тістеуі кезінде
3. Алиментарлы – жеткілікті өңделмеген етті пайдалану
Сібір жарасының алдын алу және эпидемияға қарсы атқарылатын шаралар
– тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың рұқсатынсыз еріксіз түрде жануарларды союға;
– санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз және ЖАО ветеринариялық бөлімшелерінің келісімінсіз топырақ алуға және ауыстыруға байланысты агромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
– ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың, сою пункттерінің, сою алаңдарының және ішкі сауда объектілерінің жұмыскерлері, малды союмен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жинау, сақтау, тасымалдау және бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар сібір жарасына қарсы екпе салдырулары қажет.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде күйдіргі бойынша қолайсыз жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат анықталған кезде объектіде «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес карантин енгізіледі. Жануарлардан алынатын өнімдер және шикізат жойылады.
Карантин өлім-жітім болған соңғы жағдай тіркелген және дезинфекция жүргізілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткен соң алынады.
Сібір жарасы ауруының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы барлық малдарға егу жүргізу. Жануардың ағзасында иммунитет 12 айға дейін сақталады.

Ерғали Қыдыралиев,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман-ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close