Basty bet

Демалыс көркі – лагерь!

Жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы №30 Көктөбе орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Балқыбековамен әңгімелескен едім.
– «Біздің мектебімізде «Балалардың игілігі үшін» атты мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жасауда. Лагерьде 245 оқушы қамтылып, балалар мен жетекшілер шығармашылық, спорттық, патриоттық, зияткерлік топтарда күнделікті жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Лагерь 5-16 маусым аралығында өтеді. Лагерьдің күн тәртібі бойынша балаларды қабылдаудан бастап, жағымды көңіл-күймен таңғы жаттығу жасап, әр баламен жекелей жұмыстар жасалады. Жалпы, лагерьде 65 бала күнделікті келіп, тамақтанып, ойнап, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде. Жалпы 10 топ жетекшісі бар. Олар балалардың тәртібіне, өмір қауіпсіздігіне жауапты.
Сонымен қатар сыртқы лагерьге біздің мектептен 16 оқушыны жіберу жоспарлануда.
Сондай-ақ мектебімізде Бибігүл Помашева және Ұлболсын Таубаеваның жетекшілігімен 10 сынып оқушыларымен «Еңбек жасағы» құрылып, жұмыс атқарылуда,- дейді Бақытгүл Балқыбекова.
Әр баланың бақытты болуы, ертеңгі болашақтарының жарқын болуына барша қоғам жауапты. Сол себепті балалардың жазғы демалыс уақыттарын барынша тиімді ұйымдастырылуына қоғам болып үлес қосқан жөн.

Әсел ЖҰМАХАН,
№30 Көктөбе орта мектебінің
10 сынып оқушысы

Таңдаулы материалдар

Close