Basty bet

Шөпті сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Тұрғын үй құрылыстары маңындағы қоралардың шатырына шөп жинауға, сондай-ақ өту жолдарына үйіп тастауға жол берілмейді.
Тұрғын үйлердің аумақтарында пішендерді жинау ғимараттар мен аулалық құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.
Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал нығыздалған шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.
Ірі жемшөп қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстарға және орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
Ірі жемшөптерді тасымалдау ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлік құралында жүзеге асырылады.
Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс!

Жуалы ауданының ТЖ бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close