Basty bet
Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.
Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Мұндай ауыр дертті тек мемлекет және құқық қызметкерлерінің күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Бүгінде барлық мекемелерде “сенім телефондары” жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қолжетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп әрекет етуі керек.
Мәлік Сейтаев,
Көкбастау ауылдық округінің әкімі