Халық пен билік арасындағы байланыс тек өтініштер мен кездесулерден тұрмайды. Оның маңызды тетіктерінің бірі – сайлау.
Сайлау арқылы азаматтар өз мүддесін қорғайтын өкілдерді таңдап, жергілікті басқару жүйесінің қалыптасуына қатысады.
Ал сайланған депутаттар тұрғындармен тұрақты байланыста болып, олардың ұсыныстары мен мәселелерін шешуге атсалысуы тиіс.
Кері байланыс болған жерде сенім нығаяды. Сенім бар жерде қоғам мен билік арасындағы әріптестік қалыптасады.
Сайлау – ортақ болашаққа жасалған таңдау!