Кез келген өңірдің дамуы нақты жоспар мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты.
Жол жөндеу, мектеп салу, әлеуметтік нысандарды жаңарту, инфрақұрылымды дамыту – мұның барлығы жергілікті бюджетпен тығыз байланысты.
Ал мәслихаттардың маңызды өкілеттіктерінің бірі – жергілікті бюджеттерді бекіту және олардың орындалуын бақылау.
Сондықтан депутаттардың экономикалық сауаттылығы, кәсіби біліктілігі және өңірдің қажеттілігін түсінуі аса маңызды.
Бюджет – жай ғана сандар жиынтығы емес, ол халықтың өмір сапасына әсер ететін нақты шешімдер!
