Basty bet
Мәдениет үйлері жаңартылуда
Биыл өңірде 8 мәдениет нысанының құрылысына 3,6 млрд. теңге бөлінді. Ал 3 ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 46,5 млн.теңге қарастырылды. Тұрғындардың бос уақытын қызықты өткізу және шығармашылық қабілеттерін дамыту – мәдени орталықтардың басты мақсаты. Осы орайда өңірде мәдениет үйлері соғылып, қайта жөндеуден өтуде.
Байзақтағы Үлгілі ауылында клуб сонау 1962 жылы салынған.150 орынға арналған мәдениет ошағы 2021 жылы ағымдағы жөндеуден өтеді.Қазір ел игілігіне қызмет етіп келеді. Ауылдықтарға арнап түрлі іс-шаралар мен концерттер осы клубта өтеді. Мұнда балалар үшін түрлі үйірмелер бар.