Әділ сайлау – қоғамның демократиялық дамуының маңызды көрсеткіші.
Сайлау үдерісінің әр кезеңі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық қатысушы үшін тең мүмкіндік қамтамасыз етілуі қажет.
Сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту, байқаушылардың қатысуы, ақпараттың қолжетімді болуы және заң талаптарының сақталуы – осының барлығы сайлау сапасына әсер етеді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты тек ұран емес, әрбір қатысушы ұстануы тиіс ортақ жауапкершілік.
Заңдылық бар жерде сенім бар!