Basty bet

Талантты шәкірттер жарқын жетістіктерімен қуантуда

Жадыраған жаймашуақ жаз өтіп, қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралады. Бұл күні қолдарына шоқ-шоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан кіп-кішкентай балапандарды көру үлкен бір қуаныш.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата – аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да, қуанышты мереке – Білім күнімен және Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Осы орайда өзім басшылық жасайтын білім ордасы №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО) туралы айтар болсам, бірлігі жарасқан білім ордасында барлығы 31 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде педагог-шебер – 4, педагог-зерттеуші- 9, педагог-сарапшы – 11, педагог- модератор – 4. Жалпы біліктілік санатын алған педагог қызметкерлер – 95% құрайды. Білім мекемесі басшысы ретінде басшы-менеджер біліктілік санатым бар. Директордың орынбасарлары екінші біліктілік санатында.
Оқу мен оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында білім, ғылым мен мәдениет саласында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып, өлкетану жұмыстарын жас ұрпақ арасында насихаттау, қоғамдық санасын жаңғырту мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейімен меморандум жасалды.
Шағын жинақты мектеп оқушысының білім сапасын арттыру мен қоғамға әлеуметтендіру мақсатында жан-жақты бағыттағы ұйымдастырылған іс-шаралар мен тәжірибелер, сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайындағы үздік тәжірибе үлгілерін тарату аясында №25 Ақтөбе тірек мектебі «Үздік тірек мектебі» республикалық байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғысхатымен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында «Ең үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясын жеңіп алып, облыс әкімінің 1 млн тг. сертификатын иеленді. Тараз қалалық мектеп арасында өткен «Жалынды жас, дарынды ұрпақ» атты ІІ мектепаралық өнер фестивалінде «Ең үздік өнер ұжымы» статуеткасымен марапатталдық.
Тірек мектепте (РО) оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды. Аталған үйірмелер мен клубтарға қатысатын оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, түрлі жарыстарда, байқауларда оза шауып жүр. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында жалпы аудандық пән олимпиадаларында – 20 оқушы, облыстық пән олимпиадаларында-3 оқушы, республикалық қашықтық пән олимпиадаларда – 152 оқушы, халықаралық қашықтық пән олимпиадаларында-58 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Аудандық ғылыми жарыстарда-21 оқушы, облыстық ғылыми жарыстарда-12 оқушы, республикалық онлайн ғылыми жарыстарда – 5 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Облыстық «ТОР 100» байқауынан 3 оқушы ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Daryn.asia-халықаралық үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқауына-37 оқушы қатысып І, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық «Русский медвежонок» байқауынан – 21 оқушы жүлделі орын иеленді. Республикалық «Ақ бота» байқауына – 27 оқушы қатысып, жүлделі орын иеленді. Ресубликалық «Ханталапай» байқауынан – 68 оқушы жүлделі орынмен марапатталды, Ресубликалық «Алтын тобылғы» байқауына – 21 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды, Республикалық «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына – 15 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Тараз қалалық мектеп арасында өткен «Жалынды жас, дарынды ұрпақ» атты ІІ мектепаралық өнер фестивалінде «Ең үздік көркем сөз оқу шебері» Ж.Сәрсен ІІ дәрежелі диломмен марапатталды. Тараз қалалық мектеп арасында өткен «Жалынды жас, дарынды ұрпақ» атты ІІ мектепаралық өнер фестивалінде «Балауса» би тобы ІІІ орынмен марапатталды. «Атамұра» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бояулар құпиясы», «Алтын қазына» байқауына қатысып, 17 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.
Мектеп педагогтарының ғылыми еңбектері республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының 150 жинағында жарық көрді. Оқу-әдістемелік құралдар жариялауы бойынша: 17 авторлық бағдарлама жарияланды.
«Психология ғылымы мен тәжірибесінің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі» тақырыбындағы Қазақ психологиялық қоғамының II-ші съезіне орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда мектеп директоры және директордың орынбасарларының мақалалары жарық көрді.
«Ғылым, қоғам, инновация: өзекті мәселелер және қазіргі заман аспектілері» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда – 15 мұғалімнің мақалалары жарық көрді.
«Тағылым» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналында – 20 мұғалімнің мақаласы жарық көрді. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан ұстазы» журналында – 27 мұғалімнің мақаласы жарияланды.
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Р.Жапаров пен А.Усерханов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысхатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Білім Басқармасының Құрмет грамотасымен – 8 мұғалім марапатталды.
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен – 12 мұғалім марапатталды.
Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен – 11 мұғалім марапатталды.
Озық іс тәжірибесін насихаттау мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама», «ТМД-ның үздік педагогы-2022», «Үздік педагог», «Үздік ауыл мұғалімі» байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Білім мекеме басшыларының арасында өткізілген “Табысты менеджер” облыстық байқауына қатысы, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым.
Daryn.asia –халықаралық үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы ұйымдастырып отырған педагог мамандар арасындағы халықаралық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен – 13 мұғалім марапатталды;
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған І облыстық «Сөз мергені» атты пән олимиадасына қатысып, Т. Алиева ІІІ дәрежелі диломмен марапатталды.
Ұлттық бірыңғай тест – білім сапасының басты көрсеткіші. Мектеп түлектері өткен оқу жылында – 83% сапа көрсетсе, биылғы оқу жылында – 84,5% алдыңғы үштіктің қатарынан көрінді.
Мектеп ұжымының жұмысы аудандық рейтингте 2021-2022 оқу жылында – 4500 ұпай көрсетсе, 2022-2023 оқу жылында – 7800 ұпаймен алдыңғы бестіктің қатарына енді.
Тірек мектептің (ресурстық орталық) тәжірибесі оқушылардың қоғам талабына жылдам бейімделуіне, болашақ кәсіби маман иесі жолындағы жаңа өзгерістерді жағымды қабылдауына, цифрландыру кеңістігін еркін меңгеруіне арналған үлкен мүмкіндік.
Ұстаз бақыты – еңбегінің жемісін көру, шәкірттерін шыңнан көру болса, киелі шаңырақ білім ордасы – мектептің бағы ұстаздардың жеткен жетістігімен жанады. Ынтымағы жарасқан білім ордасы ұжымының әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі алда деп білемін. Жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін!

Гүлнар ӘБІЛДАЕВА,
№21 Ақтөбе тірек
мектебінің директоры

Таңдаулы материалдар

Close