Basty bet
ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ – ҚАЙЫРЛЫ ЕЛ
Зайырлы мемлекет дегеніміз – дін бостандығы, еркіндігі мен мүддесін жоққа шығармайтын, құқықтық негіздері басым ел. Дегенмен, дін ұстанудағы еркіндік – дін саласы мүлде бақылауға алынбайды деген сөз емес. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі жұмысына араласпаса да, олардың жалпы қызметі дін аясында шектен тыс шықпауын жіті қадағалап отырады. Сәйкесінше, ел ішіне іріткі салушы радикалды топтардың іс-әрекеттері мен ұстаным жолына дер кезінде тосқауыл қойылады.
Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болғанымен, қоғамның жаңғыру кезеңінде дін мен қоғамның өзара байланысы ерекше өзектілік пен маңыздылыққа ие болады. Себебі, қазіргі таңда рухани бағытты айқындау кезеңінде, радикалды және деструктивті сипаттағы ағымдар мен ұстанымдарға қарсы күрес жүргізіп отырған шақта қоғамдағы діни ахуалды реттеу, діни бірлестіктермен жұмыс, олардың қызметтерін қадағалау – ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Зайырлылық – көптеген елдерде, соның ішінде біздің елде де мемлекеттің демократиялық, құқықтық ұстанымдарды негізге алатынын білдіреді. Мемлекет – тарихи, рухани және мәдени саладағы құндылықтарды басты назарға ала отырып, азаматтардың сенімділік және рухани қажеттіліктерін арттыра отырып, зайырлылық қағидатты қалыптастыратыны анық. Діни құндылықтың негізі – бейбітшілік пен келісім. Өйткені, бейбіт өмір ғана діндар адамға өз парыздарын орындауға мүмкіндік береді. Ал зайырлы қоғам тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы зор. Себебі, тыныштық, тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіптік жүйеге негізделген біртұтас құрылым. Ол мемлекет аясында ғана орындалады.
Гүлнар СҰЛТАНБАЕВА,
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы