Basty bet
Жастар мәселесі назардан тыс қалған жоқ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жолдауында естігеніміздей, елімізде демографиялық өсім жыл санап артып келеді. Ол көрсеткіш жастар қатарының да артуын көрсетіп отыр.
“Елімізде жалпы халық саны 20 млн-ға жетуде. Өмір сүру ұзақтығы да артқанын байқадық. Қазақстан әлемде ең жас мемлекеттің бірі. Барлық тұрғындардың үштен бірі жастарды құрайды. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың өзі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін”- деді Мемлекет басшысы.
Президент жастардың мәселесіне ерекше тоқталғандығы жастардың да жүрегіне қуаныш ұялатлады. Себебі, білімді ұрпақ – ертеңгі біздің болашағымыз. Президент оқу орындары оқу бітірген түлектерге жұмыс бере алатын ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнату қажеттігіне тоқталды.
Президентіміздің жастар кадрлық резервіне өзіндік ойы қалыптасқан, сауатты, жан-жақты азаматтарға сұраныс қашанда жоғары дей отырып, белсенді азаматтарды жинақтау туралы айтқаны жастарымызға үлкен үміт сыйлайды.
Жалпы, білім сапасын арттыруға деген көзқарасы, жастардың жай-күйі, өмір қауіпсіздігіне ерекше мән берілгендігі бізді қуантып, әрі қарай дамуымызға жол ашпақ!
Сәбит ҚАДЫРОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
мекемесі директорының орынбасары