Basty bet

Құс тұмауы

Құс тұмауы – эпизоотия түрінде ағып, үлкен экономикалық зиян келтіруі мүмкін әртүрлі түрдегі үй және жабайы құстардың ауруы. Клиникалық белгілері – фибрильді синдроммен, өкпенің зақымдалуымен, және жоғары өліммен сипатталады. Қозғалыстардың үйлесімсіздігі, «шеңбер бойымен» жүзу, бастың артқа лақтырылуы, бастың айналмалы қозғалысы, мойынның қисаюы, сыртқы тітіркеніштерге реакцияның болмауы, тамақ пен судан бас тару, депрессиялық жағдай, мұрын саңылауларынан сұйықтықтардың ағып кетуі, коньюктивит, соқырлық, диарея. Тауықтарда дене температурасының жоғарылауы, жұмыртқа өнімділігінің төмендеуі, қауырсындардың бұдырлығы, әсіресе көз бен іш аймағындағы терінің цианозы (көгеру) сырғалардың ісінуі мен қараюы, жақ асты кеңістігінің ісінуі, аяқтардың тері астыларындағы қанның кетуі (анемия), сары жасыл түсті нәжіс.
Құс тұмауының қоздырғышы – А типті тұмау вирусы (H5N1, H5N2 және т.б.) Табиғатта құс тұмауының көзі қоныс аударатын суда жүзетін құстар (жабайы үйректер), үй құстары (қаздар) болып табылады.
Құс тұмауымен адамдар мынадай жағдайларда ауырып қалуы мүмкін:
• Ауру құстармен байланыста болған кезде (мысалы, құс фабрикаларында, жеке аулаларда т.б.)
• Құстардың қалдықтарынан ластанған заттар арқылы.
Аурудың басталуы катаральді белгілер, қалтырау, бұлшықет буын аурулары, дене температурасының 39⁰С-қа дейін жоғарылауымен жедел өтеді. Жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының зақымдану белгілері байқалады. Олар диарея, құсу, іштің ауруы түрінде көрінуі мүмкін. Инфекция вирустық пневмонияның дамуымен, бауырдың, бүйректің, қан құрушы органдардың зақымдалуымен жалғасады. Халықтың санитариялық -эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу іс-шаралары:
•ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген құс етін және құс өнімдерін, сондай ақ, рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау,
• құстардың еті мен жұмыртқасын мұқият термиялық өңдеуден өткізу,
• құс етінен жасалған ет пен жартылай фабрикаттарды тоңазытқышта басқа өнімдерден бөлек сақтау керек,
• мүмкіндігінше үй құстарымен және жабайы құстармен тығыз байланыста болудан аулақ болу,
• зардап шеккен аймақтардан жұмыртқа мен құс шығаруға тиым салынды.
Үй құстарын вакцинациялау аурудың алдын алу үшін жүргізіледі және бұл тауық өсіру барысында құстар мен адамдар үшін қауіпті аурудың таралуын болдырмауға септігін тигізеді.
Қазіргі кезде құстардың өлімі Қазақстанның 5 облысында, 26 ауданында 47 елді мекенінде тіркелген.
Құрметті аудан тұрғындары!
Алдымызда көктемгі құс ауатын кез алыс емес. Өзімізді де қорадағы үй құстарын аман сақтау үшін аталған іс-шараларды қатаң сақтайық!
Ерғали Қыдыралиев,
ҚР АШМ Ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы ААИ-ның
бас маман-ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close