Basty bet
Акция аясындағы «Дөңгелек үстел»
Сәрсенбі күні аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Бақытты отбасы» зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы, аудандық аурухананың психологі және аудандық «Дағдарыс» орталығының әлеуметтік психологі мен аудан орталығындағы жастар шақырылды.
Алғашқы сөз «Елу жылда ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шарапат Батырбекқызына берілді.
Ол отбасылық және гендерлік саясаттың ауданда іске асырылуы мен әйелдерге көрсетіліп жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты көптеген мәселелерді көтерді. Зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында қандай іс- шаралар өткізу керектігіне айтып өтті.
Шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бағытындағы күш-жігерін біріктіру қызметін жандандыру. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар акция аясында өз пікірлерін ортаға салды.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына қол қойды. Бұл Заң 2024 жылы 16 маусымда толық күшіне енді. Осыған орай әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін, оның алдын алу және жолын кесу, олардың полицияға және басқа мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту үшін 2024 жылдың 19-21 тамыз аралығында облыс аумағында «Бақытты отбасы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! » акциясы ұйымдастырылған.
Аудан көлемінде өткен акцияға аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық полиция бөлімімен келісілген жоспар құрылып, жоспар аясында аудандық кеңес беру кабинеті, аудандық полиция бөлімі, ҮЕҰ-мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шараға Б.Момышұлы ауылы тұрғындары мен орталық сауда орындарында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат парақтары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ақтөбе, Қызыларық, Нұрлыкент, Ақсай ауылдық округтерінде әйелдер мен жастар арасында кездесулер өткізілді.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»