Basty bet

Өзінің үйінде алкогольді өнімді лицензиясыз сатқан

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 463-б. 1-б., (Тiркеусiз, рұқсатсыз кәсiпкерлiкпен айналысу) бойынша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, азамат Ж. өзінің үйінде шағын дүкен соғып, салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен лицензиясыз алкогольді өнімдерді сата бастаған.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға сот құқықбұзушының өз кінәсін мойындағанын, өкінуін ескерді.
Сот қаулысымен Ж. кінәлі деп танылып оған ӘҚБтК-нің 463-б. 1-б. бойынша 58 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, алкогольді өнімдер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close