Basty bet

Кітап қоры толығуда

Жуалы аудандық орталық кітапханаға кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды кеңінен насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Ризагүл Апбас кітапханаға 176 дана кітап сыйлады.
Атап айтқанда, белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Доқтырхан Тұрлыбектің қаламынан «Мұсатай» атты деректі романы жарық көрген. Бұл кітапта өмірде айналасындағыларға әсерлі әңгіме айтып, мүмкіндігі болып жатса, қиналғандарға қол ұшын созып, жақсылығын жасаудан аянбай жүретін адамдар туралы айтылады.
Кітаптің бас кейіпкері Мұсатай Апбасов дәл осындай жан болатын. Жүзінен шуақ шашылып, езуінен күлкі төгілетін. Еріксіз күлдіретін әңгімелерін қолына қалам ұстағандар газет-журналдарға талай рет жариялаған да болатын. Аталған кітапта оқырманға азаматтың өмір жолымен азаматтық болмысы кеңінен суреттелген.
Сондай-ақ еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Шәкіржан Мамаджанов жеке кітапханасынан аудандық кітапханаға 60 данадай саяси кітапты сыйға тартты.

Күләш ТАУБАЛДИЕВА,
аудандық орталық кітапхананың
дамыту бөлімінің меңгеруші

Таңдаулы материалдар

Close