Basty bet
Көмір тотығы улы газынан уланудың алдын алыңыз!
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық улы газбен және табиғи газбен уланудан абай болуларыңызды ескертеді. Уланудың басты себептері: тұрмыстық улы газды тұрғын үйлерде дұрыс пайдаланбағандықтан, жылыту пештерінің ақаулығынан, мұржалардың тазартылмағандығынан осындай оқиғаның орын алуына жол беріп отыр. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыздар!
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:
– жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
– түтіктің редуктормен және газ құрал-жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
-бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
– майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
– оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
– оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.
Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып-жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет.
Көмір тотығы улы газынан уланудың алдын алу:
Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың төмендегі қарапайым ережелерін сақтай отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеуге болады:
– жылу беру маусымы басталардың алдында жылыту құралдарын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында, және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;
– шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет, бұл күйенің нәтижесінде пайда болған күйіктер мен жарықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Оларды тез арада балшықпен сылап, құбырларды әктеу қажет;
– пештің алдындағы еденге көлемі 50х70 см қаңылтыр қағылмаған жағдайда пештің есігін ашып, оны жағуға болмайды;
– пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды;
Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!
Газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз.
Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз.
Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін.
Газ құрал-жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз, шүмекті дереу жабыңыз. Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз).
Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің көпіршіктері арқылы ғана анықтауға болады.
104 телефоны арқылы газ апаттық қызметін шақырыңыз (телефонды газдың иісі жайылмаған бөлмеден немесе көрші пәтерлерден пайдаланған жөн).
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №7 Өрт сөндіру бөлімі