Basty bet

Округке жаңа көлік берілді

Ауданнан шалғайда орналасқан Билікөл ауылдық округі 1991 жылы құрылған. Оның жалпы жер көлемі – 51915 гектарды құрайды. Оның ішінде, 50841 гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Яғни, 45091 га жайылым, 1313 га шабындық, 1066 га егістік және 1083 га басқа да жер бар.
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сүйенер болсақ, ауылдық округтке 1372 адам тұрады. Округке қарасты төрт, яғни, Қарабастау, Дарбаза, Жылыбұлақ және Әбдіқадыр ауылдары орналасқан.
Округ аумағында 313 аула және 100-ге жуық шаруа қожалық бар. Мұнда 2500-дей мүйізді ірі қара, 3000-дай жылқы, 55 000 уақ малы тіркелген.
Міне, осындағы ынтымағы мен бірлігі жарасқан билікөлдіктерге өткен аптада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы жабдықталған УАЗ автокөлігін табыстады.
Алдағы уақытта берілген көлік ветеринария саласының жұмысын жеңілдетуге және мен жандандыруға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Нұрлан Ақышев,
ауылдық округтің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close