Basty bet
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері
Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері бұл ең алдымен, отты абайсыз қолдану, электр жабдығының ақаулығы, тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы.
Электр құралдарын пайдалану кезінде:
• ақауы бар электр құралдарын пайдалануға;
• электр сымы және оқшаулауы зақымдалған кабельді пайдалануға;
•зақымдалған ажыратқыштарды, розеткаларды;
• ашық электр сымдарын бояуға немесе тұсқағаздарға желімдеуге;
• бірнеше үлкен электрлік құрылғыларды қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
• Үйден шықпас бұрын, барлық электр жылытқыштары мен құрылғылардың өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Ең қорқыныштысы, өрт кезінде адамдардың мінез-құлқы және үрей.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
• Егер сізде телефонға қолжетімділік болмаса, терезені ашып көмек шақырыңыз, өтіп бара жатқан адамдардың назарын өзіңізге аударыңыз.
• Ең алдымен балаларды құтқарыңыз, олар қорқып барлығы үстел астында немесе шкафта жасырынады.
Мұны тез және тыныш жасау керек.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №7 Өрт
сөндіру бөлімі