Basty bet

Қазақстан – Республикам менің!

Ғажайып өлкем, байтағым далам,
Ақжарма тілек айтамын саған.
Қазақстан – Республикам менің,
Атаулы күнін қайтарып алған.

Егіліп жаның, бүгіліп белің,
Мың өліп, қайта тіріліп едің.
Керек қой әркез бірлігің сенің,
Қайран да қайран, қазағым менің!

Қырғында талай тоналып едің,
Көзіңнен жасың сорғалап еді.
Бір тұтамын да берместен жауға,
Бабалар жерді қорғаған еді…

Бұзардай мықты бұғаудың сеңін,
Желтоқсан болып, оянған кегің.
Көрсетіп айбат, өршіл рухыңмен,
Тәуелсіздікке жол ашқан едің.

«Ақтабанда шұбырынды» болып,
«Елім-айды» айтып егіліп едің,
Боз далам қызыл боялып қанға,
Көз жасың көл боп төгіліп едің.

Бүлікшілерден бүгіліп белің,
Қаңтарда қара жамылып едің.
Ондай күндерің оралмасын деп,
Болашағыңа артамын сенім.

Келмеске кетсін әлсіз тұстарың,
Ынтымақ – бізге берік ұстаным.
Әділдік жолын ту етіп ұста,
Түлеген қайта, Жаңа Қазақстаным!!!

Әлия Жақсыбекова,
ардагер ұстаз, ардақты ана.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Close