Basty bet

Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын

Аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің қатысуымен №27 Диқан орта мектебінде ақын, алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай іс-шара өтті. Іс-шараға өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев қатысып, оқушыларға ақын Мағжан Жұмабаев туралы тың ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, ол ақынның балалық шағынан бастап қызмет еткен жылдары жайлы және тар жол тайғақ кешу заманындағы жүріп өткен жолы туралы баяндап, жан-жақты ғылыми дәлелдер келтірді.
Музейдің ғылыми қызметкері Инабат Дәулет Мағжан Жұмабаевтың ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерген ақындардың бірі болғаны туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, оқушылардың сауалына жауап беріліп, ақын жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Музейдің экскурсия жетекшісі Манзура Қырықбай аталған іс-шарада ақынның шығармалары басылған кітаптармен және ауданда жинақталған тарихи жәдігерлермен таныстырды.
Өмірлік жолында өнегелі із қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын, өмір жолын жас ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық борышымыз.

Нұрғиса АБДРАШЕВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің музей қараушысы

Таңдаулы материалдар

Close