Basty bet

Жемқорлыққа жол жоқ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында кандидат қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде баян­дап берді. Атап айтқанда, мемлекетте саяси реформаларды жүргізу, Қазақстан алдында тұрған басты мәселе – парламенттік-президенттік республика құру қажеттілігіне тоқталды.

Кандидаттың пікірінше, қоғам бір адамның қолына шоғырланатын президенттік басқару үлгісінен бас тартуы қажет. Үкімет адал, бәсекелес бизнестің дамуына мүмкіндік бермейтін олигархтарды емес, халықтың мүддесін қорғауға тиіс. Жемқорлықпен күресті күшейту керек, парақорларға қатысты максималды жаза орнатып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет.

Ол басқа да көптеген мемлекет сияқты елімізде сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптер айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Нұрлан Әуесбаев жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы елдің экономикалық гүлдеуіне қол жеткізуге болатынын айтты.

Таңдаулы материалдар

Close