Basty bet

Құрылыс сапасына жіті көңіл бөлу тапсырылды

Өткен жұма күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мердігерлермен жиналыс өтті.

Жиынға аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ауылдық округтің әкімдері және құрылыс мердігерлері қатысты.
Жиналыстың басты мақсаты – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жарты жылдықта атқарылған жұмыстары қаралды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Сондай-ақ жиналысқа Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқарма басшысы Қайрат Бисембаев қатысты. Ол қазіргі таңда облыс көлемінде атқарылып жатқан нысандардың жартыжылдық қорытындысына тоқталып өтті.
-Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылы облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 625 нысан бар. Оның 346-сы мемлекеттік бюджет есебінен (2023 жылдан өтпелі – 174, жаңа – 172), ал қалған 279-ы жеке қаражат есебінен.
Ағымдағы жылы 258 нысанды хабарламаға сәйкес пайдалануға берілу күтілуде, ал 88 нысан 2025 жылға өтпелі.
2024 жылы 100 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 59 нұсқама беріліп, 139 әкімшілік іс қозғалды. Оның 81 тапсырыс беруші, 29 мердігер мекеме, төрт жобалаушы, 15 техникалық және 10 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 33 240 922 теңгені құрады.
Аталған тексерулердің нәтижесінде алты техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары алты ай мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген екі мердігер мекеме және сапасыз жобалаған төрт жобалаушы мекеме Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деді Қайрат Әшіралыұлы.
Одан бөлек, облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 04-19 аралығында 2024 жылдың І жартыжылдығын қорытындылау бойынша Тараз қаласында және 10 ауданда құрылыстың қатысушыларымен 11 жиын өткізілгенін де атап өтті.
Жиын барысында құрылыстың барлық қатысушыларының яғни, тапсырыс берушілердің, мердігерлердің, техникалық және авторлық қадағалаушылардың атқарған жұмыстары қаралып, туындаған сұрақтары мен бұзушылықтары талқыланып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермей, құрылыс сапасына жіті көңіл бөлу тапсырылды.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close