Basty bet

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері бұл ең алдымен, отты абайсыз қолдану, электр жабдығының ақаулығы, тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы.
Электр құралдарын пайдалану кезінде:
• ақауы бар электр құралдарын пайдалануға;
• электр сымы және оқшаулауы зақымдалған кабельді пайдалануға;
• зақымдалған ажыратқыштарды, розеткаларды;
• ашық электр сымдарын бояуға немесе тұсқағаздарға желімдеуге;
• бірнеше үлкен электрлік құрылғыларды қосуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
• Үйден шықпас бұрын, барлық электр жылытқыштарына өшірілгені және құрылғылар өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Ең қорқыныштысы өрт кезінде адамдардың мінез-құлқы және үрей.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
• Егер сізде телефонға қол жетімділік болмаса, терезені ашып көмекке шақырыныз, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударыңыз.
• Ең алдымен балаларды құтқарыңыз, олар қорқып барлығы үстел астында, шкафта жасырылады.
Мұны тез және тыныш жасау керек.

Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close