Basty bet
Оқыту курстары ақысыз жүргізіледі
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін – 2024 жылы 81,5%-ке жеткізу көзделген.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» Жуалы аудандық бөлімшесі өңірдегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелер және кәсіпорындар мен ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологиясы негізіндегі оқыту курстарының ақысыз жүргізілетінін хабарлайды. Онымен қоса өңірде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында орыс және ағылшын тілдерінен курстар жүргізіледі. Бөлімшенің оқыту базасы заманауи техникалармен жабдықталған және жоғары білімді, сертификатталған мамандар қызмет көрсетеді.
Біздің мекенжайымыз: Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы В.Латикант көшесі №1 («NURAI PLAZA» бизнес орталығының ғимараты).
Байланыс телефондары: 8 (726-35) 2-13-28, 8-702-374-06-57.